Ақтау қаласының тұрғыны көше бойындағы жарық шамдарының жанбай тұрған бейнежазбасын облыс әкімінің телеграмм каналына жолдап, шамдарды қосуды сұраған. Желі қолданушысының өтінішіне мәселеге жауапты «Ақтау сервис құрылыс» мамандары жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Тұрғынның айтуынша, қаладағы 22-шағынаудан мен 6«А» шағынаудан арасында көше бойындағы жарық шамдары жанбай тұр екен. Сондықтан түнгі мезгілде көшеде жүру қиын дейді. Желі қолданушысының сұрағына жауапты «Ақтау сервис құрылыс» мекемесінің мамандары жауап беріп, мәселені шешті.
-Аталған көшедегі шамдар жерді қазу жұмыстары кезінде трактор жарық сымын үзіп кеткендіктен өшіп қалған. Біз барлық текеру жұмыстарын жүргізіп, жарық шамдарды қайта қалпына келтірдік. Үзілген сымдардың барлығы қайта жалғанды, деді «Ақтау сервис құрылыс» маманы.