Түпқараған ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Инватакси» қызмет көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған ауданға қарасты Ақшұқыр және Сайын Шапағатов елді мекендерінің мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ, жүріп-тұруы қиын, бірінші топ мүгедектігі бар тұрғындар жүгіне алады.
Ол үшін тұрғындар жеке куәлік, мүгедектігі туралы анықтама көшірмесін, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мен өтінішін ауыл әкімінің аппаратына тапсырып, осы қызметті пайдалана алады.
«Инватакси» қызметіне өткен жылы 101 өтініш түссе, 2022 жылдың 8 айында 105 өтініш келіп түскен.
Тұрғындар қосымша сұрақтар бойынша мына байланыс нөміріне хабарласа алады: +7 (778) 916-49-26 Ләззат Қуанова.