Ақтауда «Ғалия» пәтер иелері тұтыну кооперативі басшысының атынан 7 шағынауданның учаскелік полицейі Яцко Дмитрийге алғыс хат келді. Мекеме төрағасы тәртіп сақшысының азаматтармен сыпайы, әдепті, құрметке лайық екендігін атап өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ПД сілтеме жасап.
7 шағынауданда орналасқан аталмыш кооператив уческелік полиция инспекторы Яцко Дмитрийдің қарамағына тиесілі. Алғыс хатта тұрғындар мәселелері полицейдің назарынан тыс қалмайтындығы және жедел-қызметтік міндеттерді уақытылы шешілетіні айтылған.
Өз кезегінде «Ғалия» пәтер иелері тұтыну кооперативі Ақтау қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Н.Мұханбетқали мен Д.Яцкоға ризашылықтарын жеткізіп, зор алғысын білдірді.