Жаңаөзен қаласындағы №20 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ауған соғысының ардагері Сәтбай Құлсариевпен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ардагерлерге құрмет көрсету және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен кездесуде Сәтбай Құлсариев өз естеліктерімен бөлісті. Кездесу қонағы әскери өмірдің қызығы мен қиындығы жайлы айтып, әскери міндетті өтеу - абыройлы борыш екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, елдің тыныштығы мен болашағы жастардың қолында екендігін айтып, өскелең ұрпаққа өзінің ыстық лебізін білдірді. Ардагердің жалынды әңгімесі оқушыларға ерекше әсер етті.
Кездесу барысында оқушылар ауған соғысының ардагеріне түрлі сауал қойып, еркін форматтағы сұхбат алаңына айналдырды.