Ақтау қаласының тұрғыны «мұнай саласына жұмысқа орналастырып беремін» деген негізбен алаяққа алданған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың ПД-не сілтеме жасап.
Алаяқтық іс-әрекетке барған ер адам жәбірленушіге 6 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.
Дәл осындай негіздегі арызбен жаңаөзендік тұрғын да шағымданды. Алаяқ тұрғынның 1 миллион 150 мың теңге көлемдегі қаражатын жымқырған.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 45 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны мен 27 жастағы күдікті әйел адам анықталып, ұсталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.