31 тамызы күні сағат 22.50 шамасында Маңғыстау облысы ПД полиция ротасының қызметкері «Ақтау—Форт-Шевченко» тас жолының 32 шақырымында «Mitsubishi Delica» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 152 келіні құрайтын 34 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кінәліге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге мағлұмат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.