«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев мұнай-газ саласының қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Жолдау мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық берудің маңызы зор екенін айтқан партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев Жолдауда айтылған мәселелерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына зор үлесін қосып келе жатқан мұнай-газ саласы қызметкерлерін алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы А.Ораловтың алғыс хатын табыстады.