Атырау облысында арнайы жиын өткізген Үкімет басшысы Атырау мен Маңғыстау облыстарын Көкжиде жерасты тұщы су қорынан сумен жабдықтау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбеде «Көкжиде» тұщы су қоры бар. Темір және Мұғалжар аудандарындағы су қоры Үкімет Қаулысымен аса экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан маңызды ретінде республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың геологиялық және гидрогеологиялық тізіміне енді.
Әлихан Смайылов сумен жабдықтау жобасын іске асыруға техникалық құжаттама дайындауды жеделдетуді тапсырды
«Кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің де, жалпы елдің де әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі серпін беретін нақты қадамдарды белгіледі. Қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек, сондай-ақ қоғам көтеретін проблемалық мәселелерге жедел ден қойып отыру керек», — деді Әлихан Смайылов.