Ақтауда 15 шағынауданда орналасқан амфитеатр алаңында бір мезетте 100 тақтада шахмат ойыны өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жас маңғыстаулық шахматшылар 4 топқа бөлінген. Олармен дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жеңімпаздары, көршілес Өзбекстан Республикасының шахматтан құрама командасының спортшылары мен әлем чемпионы Бибісара Асаубаева бір мезетте ойнап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Жақында ғана Үндістанда өткен дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жеңімпаздары, көршілес Өзбекстан Республикасының шахматтан құрама командасының спортшылары бүгін Ақтауға келген.
Көршілес ел спортшыларының өңірге шақырудағы мақсат – елордада 17 қыркүйек күні басталатын әйелдер арасындағы ФИДЕ ойыны қарсаңында Бибісара Асаубаеваға қолдау көрсету, Ақтаудағы жас шахматшыларға серпін беру.