“Ыбықты сай” аумағында аяғын сындырып, көмекке мұқтаж болған адам құтқарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Оқиға 1 қыркүйек күні кешкі сағат сегіздерде орын алған. Хабарлама Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне келіп түскен. Мамандар оқиға орнына келгенде тау өткелінен өтіп бара жатқан адамның тайып кетіп, аяғын сындырғаны анықталады. Құтқару құралдарының көмегімен жарақат алған адам биіктіктен түсіріліп, жедел жәрдем көлігіне берілген.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан таулы жерлерде жүрген кезде абай болуды, сақтық шараларын ұмытпауды сұрайды.