2022 жылы 26 тамызда сағат 10:20 шамасында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Маңғыстау станциясының ТЖ вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш құрылғы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Оқиға орнына желілік полиция бөлімінің басшылығы, кезекші прокурорлар шықты, аумақты қоршау үшін полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.
Теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам эвакуацияланды, теміржол вокзалының аумағы қоршалды, сондай-ақ полиция қызметкерлері автожолдарды уақытша жауып тастады.
Аумақты тексеру барысында, сондай-ақ сөмкеден жарылғыш заттар табылған жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.