Eлімізде жыл өткен сайын қатерлі ісікке шалдыққандар саны артуда. Өкініштісі, қатерлі ісік дерті жастар арасында дендеп барады. Осыған орай, облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнда кез келген тұрғын ешбір жолдамасыз, алдын ала жазылусыз қабылдауға келе алады.
- Қорқып қажеттілігі жоқ. Бізде Маңғыстауда жылдан жылға қатерлі ісік ауруы көбейіп жатыр. Енді осындай мүмкіндікті жібермеу керек. Адам өз денсаулығына қарау керек. Дәрігерлерге осындай іс-шара ұйымдастырғанына рахмет,- 51 жастағы қала тұрғыны Гүлмира Сүйеу.
Деректерге сенсек, өңірде жыл сайын онкологиялық ауруға шалдыққандар саны артқан. Мәселен, бүгінде облыс бойынша 4 мыңнан астам адам қатерлі ісік ауруымен есепте тұр. Оның 50 пайызы ғана 1-ші, 2-ші дәрежелі болса, қалғаны өте ауыр түрі. Аймақта сүт безі, тері және ішек қатерлі ісігі белең алуда.
- Ақысыз шақырып жатырмыз. Бізде маммолог, онколог, онко-гинеколог мамандары, УЗИ, КТ аппараттары бар. Осында бәрін өткізіп жатырмыз. Бәрі де дерттің алдын алу үшін жасалып жатыр,- МО онкологиялық диспансері директорының орынбасары Тимур Ерубаев.
Бүгінде медициналық мекемеде 60-тан астам дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде 3 ғылым кандидаты, 2 медицина ғылымдарының докторы, 200-ден астам медбике тынбай еңбек етіп жүр.