Ғаламтор арқылы тауарға тапсырыс беру кезінде тұтынушылар интернет-алаяқтардың қармағына жиі түседі. Алаяқтар әлеуметтік желілерде, интернет-дүкендерде де өте көп, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Көбінесе интернет-сатушылар өнімге толық немесе ішінара алдын-ала төлем алған соң, байланысын үзеді. Сапасыз, жарамсыз, тіпті жасанды бұйымды жолдайтын кездер де жиі кездеседі. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Сатушының (дайындаушының, орындаушының):
1) сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап ұсыну жөніндегі міндеттерін орындамауы – ескерту жасауға алып келеді.
Қалай алданбауға болады?
Адамдар өздерінің қателіктерінен сирек сабақ алады: интернет-дүкендердегі мәміле бағасы олардың көздерін пердемен жабады. Дегенмен, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағаларды көрсеңіз, бұл ойлануға негіз болады.
Егер сіз күмәндансаңыз, әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендердегі сатушылардың пікірлерін оқыңыз. Басқа тұтынушыларды іздеп, тәжірибелер туралы сұраңыз.
Алаяқтар белгілі интернет-дүкендердің көшірмелерін жасауға және оларды сатып алушылардың пластикалық карталарынан деректер жинауға пайдалануға бейімделген. Жергілікті емес дүкендерден брендтік өнімдерді сатып алғанда, тауарлардың сипаттамасы мен сыртқы түрін ресми сайттар ұсынатын өнімдермен салыстырыңыз. Жалқау болмаңыз және сатушыдан оның бар екеніне көз жеткізу үшін жөнелтуге дайын тауардың фотосуретін жіберуін сұраңыз.
Егер сіз дәрі-дәрмектерді онлайн-дәріханадан сатып алсаңыз, ұйымның фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар-жоғын тексеріңіз.
Ақшаны қалай қайтаруға болады?
Егер сіз әлі де алаяқтардың жеміне түсіп қалсаңыз, алдымен сатушыға ресми шағым жазу керек. Егер ол оны елемей, жағдайды түзетпесе,уәкілетті органдарға немесе бізге хабарласуға болады: Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті, 9 шағын аудан, 23а ғимарат, 215 кабинет мекен-жайы бойынша немесе жедел желі: 43-14-34. Instagram: Dzpp. маңғыстау.
Жергілікті полиция бөлімшесіне арыз жазуды ұмытпаңыз.
Құқық қорғау органдарына неғұрлым көп ақпарат берсеңіз, соғұрлым ақшаңызды қайтару ықтималдығы артады. Ең дұрысы, сізде алаяқтар туралы барлық деректер (Интернеттегі аты-жөні немесе лақап аттары, электрондық шот нөмірі, ұйымның заңды мекенжайы), хат алмасу тарихы, шоттан үзінді немесе чектер болуы керек. Сатушы туралы ақпаратты нақтылау үшін сізге БСН-ді білу қажет - компанияның заңды мекенжайы бар анықтама және сол арқылы салық органдары қосымша деректер ұсына алады. БСН бойынша прокуратурада да, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамында да көмек көрсетеді.
Нәтижесінде іс сотқа жолданып, сіз ақшаны қайтаруды ғана емес, моральдық шығынды да ақшалай өтеуді талап ете аласыз.