• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Ақтауда авиациялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық конференция өтті

    [ 2022 ] 11 тамыз, 13:31  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Ақтауда 11-12 тамыз аралығында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ұйымдастыруымен авиациялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

    Халықаралық іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров, Қазақстан республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінінің төрағасы Талғат Ластаев, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ мен Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттері авиация саласының жетекшілері де қатысты.

    Маңғыстау облысының туристік әлеуетін арттыруға, авиация саласының мүмкіндіктерін саралауға, әуе қатынасы кеңістігіндегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған іс-шарада бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Олардың қатарында отандық азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауда жедел ақпарат алмасу механизмдерін іске асыру, халықаралық азаматтық авиация ұйымына мүше елдердің осы саладағы заңнамаларын үйлестіру, кәсіби білікті кадрларды даярлау, авиациядағы қауіпсіздік жөнінде үйлестіру комиссиясын құру секілді өзекті дүниелер бар.

    Басқосуда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров өз сөзінде былтыр еліміз Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушысы мәртебесін алып, ТМД елдерін арасынан аталған ұйымға қабылданған үшінші мемлекет болғандығын атап өтті.

    «Ендігі кезекте біз әуе қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе рейстерін бірқатар бағыттар бойынша жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударамыз. «Ақтау халықаралық әуежайы» Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан кейін тасымал көлемі мен саны бойынша елімізде үшінші орында тұр. Халықаралық деңгейдегі конференцияны өткізу тек еліміздің ғана емес, осы өңірдегі әуежай қызметінің ілгерілеуіне ықпал етеді деген ойдамыз. Әлемдік және ұлттық стандарттар мен соңғы үлгідегі заман талабына сай құрылғылармен жабдықталған әуежай әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдау мен жөнелту мүмкіндігіне ие. Сөз соңында Маңғыстау облысы әкімідігі әуе қатынасы саласындыағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жобаларға қолдау көрсетуге және конференцияға қатысушы тараптармен серіктестік орнатуға әзір екендігін жеткізгім келеді»,-деді Бекбол Орынбасаров.

    Сондай-ақ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду отандық авиация саласындыағы өзекті мәселелерді санамалап өтті.

    «Бүгінде біз жергілікті мемлекеттік органдар және әуежайлармен бірлесе инфрақұрылымды серпінді дамыту бағытында іс-шаралар атқарып келеміз. Жаз маусымында жолаушылар тасымалы едәуір артады, сондықтан біз әуе тасымалы операторларымен әуе көліктерінің санын көбейту, сондай-ақ жолаушылардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жіті назар аударудамыз. Халықаралық әуе қатынасының бір бөлігі ретінде ICAO, IATА, FAA секілді халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз. Шетелдерге тікелей әуе рейстерін орнату аясында бүгінде Қазақстан-АҚШ бағытын қолға алдық. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының өкілдерінің тексерісі нәтижесінде Қазақстанның әуе қатынасы саласы жоғары көрсеткішке ие болды. Бүгінгі басқосуда көршілес елдердің жауапты тұлғаларымен халықаралық әуе тасымалы саласындағы қауіпсіздік мәселелерін талқыға саламыз»,-дейді Каталин Раду.

    Қазақстан республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінінің төрағасы Талғат Ластаев Маңғыстау облысының туристік әлеуетін арттырудағы әуежай рөліне ерекше назар аударып, отандық азаматтық авиацияның бүгінгі тыныс-тірілгі жайлы баяндады.

    «Пандемиядан кейін карантин шектеулері кезең-кезеңімен алына бастағалы жолаушылардың ішкі бағыттағы ағыны айтарлықтай есеге артты. Жыл басынан бері 6 ай ішінде 4,6 млн. жолаушы тасымалданса, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 10 млн. жолаушыны құрайды деп болжанды. Яғни жолаушылар ағыны өткен жылдармен салыстырғанда 71 пайызға артқан. Кей әуе компаниялары мұндай көлемдегі жолаушылар тасымалымен жұмыс жасауға дағдыланбаған. Бұл әуе тасымалы саласындағы инфрақұрылымға да зор жүктеме түсірері анық. Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік тізілімінде 912 әуе кемесі тіркелген. Тұрақты және коммерциялық рейстерді 75 әуе кемесі жүзеге асырады. 2025 жылға 51 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін 14 әуе көлігін сатып аламыз. 5 әуе компаниясы 57 ішкі әуе бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Республикалық бюджеттен 20 әуе бағыты арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында субсидияланады. Соңғы туристік маршруттарды қаржыландыру қолға алынып жатыр. Қазіргі уақытта 28 елге 115 халықаралық бағыт бойынша аптасына 518 рейс жасалады. Індетке дейінгі жолаушылар тасымалының құрылымы қайта қалпына келтірілді. Бұрын-соңды болмаған жаңа туристік бағыттарға әуе байланысын орнаттық. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанның 12 қаласында «ашық аспан» режимін енгізу бойынша пилоттық жоба қолға алынған еді. Бұл шетелдік әуе компаниялары Қазқастан қалалары арқылы үшінші елдерге ұша алады деген сөз. «Ашық аспан» режимін енгізу туризмнің дамуына, жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағдарлардың ашылуына, авиабилеттер құнының төмендеуіне және әуе көлігінің халыққа қолжетімді болуына ықпал етеді деп күтілді. Гонконг, Малайзия, Франция, Япония елдерінде мұндай тәжірибе бұрыннан енгізілген. Соңғы жылдары әуежайлардағы ұшу-қону алаңдарын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды»,- деді Талғат Ластаев.

    Қазақстанда 25 әуежай (18 халықаралық, 7 ішкі) және 6 тікұшақ айлағы бар. 2022 жылғы 16 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы World Airport Awards марапатында Орталық Азия/ТМД елдерінің ең үздік өңірлік әуежайы деп танылды. Бұл марапат әуежай индустриясындағы ең беделді болып саналады. Ол бүкіл әлем бойынша 550-ден астам әуежайда тұтынушыларға қызмет көрсетеді

    Халықаралық конференция екі күнге жалғасады.

    748
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Каспий» ӘКК-ның бұрынғы басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда тұрғындардың шағымы бойынша 5 мыңнан астам ит ауланған

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4999

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5276

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4915

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4184

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4228

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5159

      Рубрикалар

        ЭкономикаСаясатСпортЖаңалықтарМәселеТүпқарағанАуыл өміріМұнайлыРедакция ұжымы

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      905

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      149

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5119

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1507

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1137

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6493

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»