Биыл 26 шілде күні "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Манашы" мемлекеттік табиғи қаумалының мемлекеттік инспекторлары, "Кендірлі-Қаясан" қорық аймағы күзет қызметінің инспекторларымен бірге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Нәтижесінде, Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылының екі азаматы, аң су ішетін бұлақтар маңынан, қақпан құрып жүрген жерінен ұсталды. Олардан, екі мотоцикл көлігімен төрт қақпан табылып, өздерін заттарымен бірге, Маңғыстау аудандық полиция бөліміне, тиісті хаттама толтырып, табыстады.
Тергеп-тексеру біткесін, тиісті құжаттар Маңғыстау аудандық сотына жолданып, заң шеңберінде, әкімшілік шараға тартылып, айыппұл салынды.