Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінде «Каспий» ӘКК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы Қайрат Байгебаев корпорация қызметкерлерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Каспий» ӘКК» АҚ-ның қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін 32 ұсыным жолдадық. Талдау нәтижесінде «Каспий» ӘКК» АҚ тиімсіз жобаларды қаржыландырғаны анықталды. Сондықтан корпорация қызметінде толықтай ашықтықтықты қамтамасыз ету керек,» деді Қайрат Байгебаев.
Кездесу барысында спикер жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін, мәжбүр ететін себептерді болдырмаудың маңыздылығы туралы айтып, жемқорлық іс-әрекеттері үшін жазаның қатаңдатылғанын ескертті.
Бұдан бөлек, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларының бірі комплаенс-қызметі туралы түсіндірілді. Сондай-ақ,
Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге қатысты ұсыныстар айтылды.
Егер, сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына тегін хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.