Жарысқа көлік саласы бойынша бес мекеме қатысып, бақ сынасуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Республикамызда тамыздың алғашқы жексенбісінде көлік саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Кәсіби мереке болғанымен, көбіне ескерусіз қалып жатады. Биыл осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында арнайы турнир ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Басты мақсат - осы салада сан жылдар бойы еңбек етіп келе жатырған ардагерлер мен қызметкерлердің өңірдегі өндіріс саласының дамуына қосқан зор үлесін айқындай түсу. Бұл іс-шара алдағы уақытта өңірде көлік саласы қызметкерлерінің қоғамдық қауымдастығын құруға бағытталған бастаманың бір бөлігі болмақ,-деп атап өтті "Альянс Ойл Сервис " мекемесінің директоры Ермұрат Мекеев.