Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы, Н.Тілендиев көшесінде орналасқан «Asyl Town» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат қағаздары рәсімделмеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, аталған жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес, көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу заңсыз.
Сондай-ақ, қала аумағында жүргізіліп жатқан тұрғын үйлерге қатысты қандай да бір ақпарат қажет болған жағдайда, «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 47-3-81 номеріне хабарласуыңызды сұрайды.