«ӨзенМұнайГаз» АҚ – ның демеушілігімен «Арбат типтес демалыс аумағы» жобасы жасақталып, құрылыс жұмыстары басталуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арбатты жалпы ұзындығы 430 метрді құрайтын 17 маусым көшесі мен Қосқұлақов көшесінен Өркен шағынауданы №1 үйге кіреберіс жолына дейінгі 200 метр аралыққа салу жоспарланған.
Арбатта жаяу жүргінші жолы, әр түрлі әткеншектер, су бұрқақ, көлеңкелі шатырлар және сауда павильондарын орнату қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарын «АдилСтройАстана» ЖШС жүргізеді.