Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақмыш сайында эко-слет өтті. Оған өңірдегі жалпы және кәсіптік білім беру ұйымдарының волонтерлері қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы баспасөз қызметінің айтуынша, эко-слеттің мақсаты - еріктілердің экологиялық бастамаларына қолдау көрсету, өңір волонтерларының қарым-қатынасын нығайту, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.
Шара барысында волонтерлар мен орталық мамандары Ақмыш сайын қоқыстан тазартты. Шамамен 35 қап қоқыс жиналды. Қоқыс Маңғыстау ауданы әкімдігінің қолдауымен полигонға жеткізілді.
Сонымен қатар эко-слет барысында жастарға арналған тимбилдинг, түрлі ойындар мен жаттығулар ұйымдастырылды.
Ал шара соңында облыс бойынша белсенділігімен көзге түскен еріктілер "Ұлттық волонтерлік желісі" төрайымының алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, эко-слет жаз бойына жалғасады.