Өртке қарсы ведомствоның қызметкері отбасымен жағалауда серуендеп жүрген кезде, суға батып бара жатқан ер адамды байқап, құтқарып қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Әсет Сердалин 5 маусым күні кешке отбасымен теңіз жағасында серуендеп жүрген. Бір кезде теңізден айғайлаған дауыс естілген. Бір адам суға батып, көмек сұрап жатыр екен. Әсет Сердалин оған жүзіп барып, құтқарып алған. Ер адамның аяғы құрысып қалған екен. Көмекке тағы екі жігіт келіп, бірігіп суға батып бара жатқан адамды аман-есен жағаға алып шыққан.
Асхат Сердалин бұған дейін де бірнеше адамды құтқарды. 2016 жылы "Ерлігі үшін" медалін алды.