Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай Маңғыстау облысы полиция департаментінің басқарма, дербес бөлім қызметкерлері арасында велошеру ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Велошеру Таушық-«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені аралығын қамтыды. Қазақстан полициясының отыз жылдығына арналған іс-шараға 45 қызметкер қатысты. Шеруді департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ. Бахтыгереев ашып, қатысушылармен қатар қырық шақырымға созылған жолды велосипедпен жүріп өтті.
Бұл шара 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл шеруге тәртіп сақшылары алдын ала дәрігерлік тексерістен өтіп, ерекше дайындық танытты. Полицейлер бекітілген «старт» белгісінен «Адай ата – Отпан тау» кешеніне бағыт алды.
- Шара соңында полиция қызметкерлері «Адай ата» тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, киелі өлкені мекендеген қаһарман халықтың кешегі күнімен, ұлттық құндылықтары және тарихи жәдігерлерімен етене танысты. Осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да өз кезегін табады, - деді МО полиция департаментінде.