Австрияның Граз қаласында өткен Еуропа кубогінде маңғыстаулық дзюдошылар қос жүлде алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еуропа кубогінің алғашқы күнінде 60 келіде Мерей Марханбетов ақтық сында Нұрқанат Серікбаевпен кездесіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал 81 келі салмақта белдескен Мейірлан Максим ел қоржынына қола жүлде салды.
- Бәйгеге қосып жүрген балуандарымыз еліміздің намысын абыроймен қорғаса екен ниет болып, бар жігерімді салдым. Сайыстың алғашқы күнінде-ақ жігіттер еңбектің нәтижесін көрсетіп, Еуропа кубогінде жүлделі болып, төбені көкке көтерді. Мейірлан Максим болса боз кілемде жақсы өнер көрсетті, келесі додада алтыннан алқа тағады деп үміттенеміз, - деді дзюдодан ҚР жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Айбек Имашев.