© 24.kz
Жаңаөзен қаласында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында 1-8, 10-сынып оқушылары үшін жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылады. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатай мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Оның айтуынша, аталған іс-шаралар білім сапасын арттыру, пандемия мен шектеу шаралары кезеңіндегі жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылуда.
- Жазғы каникул кезінде аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, мүжәлсіз отбасыдан шыққан және түрлі деңгейдегі жетістіктері бар балаларды оқу-сауықтыру шараларымен, демалыс лагерьлерімен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатта 6 мектеп жанынан жазғы демалыс лагерьлерін ашылды, - деді Ысқақ Құлатай.