Мектепті күрделі, ағымдағы жөндеуден өткізу үшін оқушы немесе ата-анадан ақша жиналмайды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Сырымқызы фейсбук парақшасына жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Жыл сайын мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін бюджеттен қаражат бөлінеді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуден өткізу кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді", - деді Бағдат Сырымқызы.
Осылайша, ол тұрғындарды "ақша жинауға" қатысты жалған ақпарат пен қауесетке сенбеуге шақырды.
Сонымен қатар биыл мектеп бітіру кеші мейрамхана, кафеде тойланбайтынын, мұғалімге сыйлық жасауға тыйым салынғанын жеткізді.
Ж.ҚАЛИЕВА