Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының 13-шағынауданында 21 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан 64 келі болатын 10 бекіре тұқымдас балық табылған.
Аталған іс бойынша ҚР ҚК 339-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөлшектерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану).
Күдіктіге 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады не түзеу жұмыстары, не 800 сағаттық мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту, не үш жылға дейін бас бостандығын шектеу, не мүлкін тәркілеп лауазымды қызмет атқару немесе қандай да бір жұмыспен айналысу құқығын бес жылға дейін шектей отырып, сол бес жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.