Бұл туралы Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, бүгін 17:40-та екі адам теңізге батып кетті. Артынша суға батып бара жатқандарды құтқару үшін екі адам теңізге түскен.
"Олардың бірі судан өзі шыққан. Бір баланың денесі өлі табылған. Ал қалған екі адам әлі табылмай жатыр. Суға батқан үш тұрғын да 1999 жылы туған", - деді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ж.Кенжебаев.
Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, судан аман шыққан тұрғын 1996 жылы Бейнеу ауданында туған. Жағдайы - қанағаттанарлық. Ал суға батқан үш адам Қарағанды қаласының тұрғыны.
Оқиға орнына ТЖД-нен 10 құтқарушы, 2 бірлік техника, 11 қызметкер, АМО-дан 3 дәрігер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар тыйым салынған жерлерде суға түспеуді сұрайды.