12 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды, mangystaumedia.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
— Ауа-райы күтпеген жерден күрт өзгеруі мүмкін, сондықтан қауіпсіз жерде болып, сақтанып жүріңіздер, — делінген хабарламада.