Бүгін, 9 мамыр күні Ақтау қаласының жүзден астам тұрғыны Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құрметіне тал екті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ағаш көшеттері «Ақбота» саябағына отырғызылды.
Игі шараға атсалысушы тұрғындардың басым бөлігі қала әкімдігі мен “Ботаникалық бақтан” берілген көшетті ексе, бір бөлігі көшеттерін, тыңайтқыштарын, күректерін, тіпті суару үшін шелектерін өздері әкелген. Түрғындар еккен ағаштарының маңына майданға қатысқан, еңбек немесе тыл ардагерлері мен қоршауда болған ата-бабасының аты жазылған тақтайшаны орнатуға мүмкіндік алды.
Қала әкімдігі барлық ағаш отырғызушыға көмектесетін жұмысшылар мен су тасушылармен қамтамасыз етті.
«Майдангерлер баңы» акциясының бастамашысы Влад Ротмистров аталған шараның келесі жылы да жалғасатынын және ағаштар басқа жерге отырғызылатынын жеткізді.
«Үшінші шағынауданда, естеріңізде болса, нағыз ағаштан жасалған туннель болған. Бірнеше жылдың ішінде барлық ағаш өлді. Дәл сол жерде аллеяға айналдыруға болады», - деді Влад Ротмистров.