Маңғыстау облысында алты соғыс ардагері қалды. Оның төртеуі Ақтау қаласында тұрса, екеуі Бейнеу ауданында тұрады,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Оның бірі - Асан Аймагамбетов 1925 жылы дүниеге келген. 1943 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Маршал Рокоссовскийдің басшылығымен 2 және 4 Украин майдандарында соғысып, Берлинді алуға қатысқан. 1948 жылы әскерден оралды. «Берлинді алғаны үшін», «Отан соғысы2» ордерімен «3 дәрежелі Даңқ» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Бисен Боқаев 1923 жылы дүниеге келген.
Ұлы Отан Соғысының қатысушысы.
1942-1944 жылдар аралығында шекара әскерінде қызмет атқарған. 1944 жылдың сәуір айынан бастап 2-ші Украин майданында соғысты, Яссы – Кишинев операциясына және Бессарабия мен Румынаны азат ету ұрысына қатысқан. Соғыстан кейін шекара әскерлерінде қызет етті. 1949 жылы әскерден босатылды.
«Қызыл Ту», «2 дәрежелі Отан соғысы», «Жауынгерлік еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған, бейбіт күндері «Парасат», «Құрмет» ордерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, Қазақ Социалистік Республикасы Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Заривняк Ольга Платоновна 1927 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы. 2015 жылы Донбастағы жауынгерлік іс – қыймылдарға байланысты өз қаласын тастап, Ақтау қаласына немересіне келген. Бүгінде Ақтау қаласының тұрғылықты тұрғыны. Ольга Заривняк соғыс басталғанда 14 жаста еді. Жас болғанына қарамастан ол Брест облысындағы туған қаласы Клещелидің партизан отрядының құрамында болды. Ол маңызды ақпарат жіберумен қатар, жараланған сарбаздарға көмек көрсеткен.
Салазкин Василий Иванович 1927 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы. 1941-1945 жж, 1 Қиыр Шығыс майданында соғысқан, кіші сержант. Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» ордерімен «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған.
Екі соғыс ардагері Бейнеу ауданында тұрады. Солардың бірі - Алуадин Орақұлы. Майдангер 1925 жылдың 25 наурызында Гурьев облысы, Жылой ауданы, Аманкелді ауыл советінде туылған. 1942 жылы VII – сыныпты бітіріп, 15.01.1943 жылы армияға алынған. Сол жылы Курск шайқасына қатысып аяғынан жаралы болып ІІ-топтағы Отан соғысының мүгедегі болып елге келген. Келгеннен кейін Аманкелді, А.И.Микоян, В.И.Ленин атындағы колхоздарға бас бухгалтер болған. Осы үш Колхозда бас бухгалтер болып жүріп, Колхозпартия ұйымының хатшысы болып сайланған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерлігі үшін бірнеше медальдармен марапатталған.
Сәуірбай Базарбаев Маңғыстау ауданы, Жармыш селосы 1925 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына Маңғыстау облысынан 1943 жылы аттанған. II-Беларусь майданында, Польша елінде Кенинсберг қаласын азат етуге қатысып, 3 рет жараланған. «Беларусь Республикасын азат еткеніне 60,65 жылдық» медалімен, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және т.б медальдармен марапатталған. Ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен.