Жеңіс күніне орай полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов пен Облыстық ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағашыбай Жариев ішкі істер органдарының және тыл ардагері Еділхан Нұрмановтың үйінде болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
87 жастағы ардагерге жергілікті полиция басқармасы басшысының Алғыс хаты мен Ішкі істер министрінің құттықтау хаты табысталды. Сондай-ақ, арнайы дайындалған сыйлықтарды тапсырып, бөлім басшылығы алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, маңғыстаулық полицейлер ардагерлерге үлкен ілтипатпен қарайды. Батырлардың ерліктерін есте сақтап, құрметтеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетті тыңдайды.