Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- 8 мамыр, 12:00-дегі жағдай бойынша Облыстың 2 қаласында және 3 ауданға қарасты 9 елді мекенде су сору жұмыстары жүргізілуде:
— Ақтау Қ. — 14 көше (оның 9-ы айдап шығарылды). 16 420 текше метр су сорылды, жұмыстар жалғасуда.
— Жаңаөзен қаласында — 88 тұрғын үй (оның 35-і айдалды), 43 аула аумағы (оның 28-і айдалды), 27 көше (оның 20-сы айдалды), 3 мектеп және 1 балабақша (оның 3-еуі айдалды). Инертті материалдары бар 130-дан астам қап салынған. 17300 текше метр су тартылды, жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, электрмен жабдықтау (жеке сектордың 60 абоненті жарықсыз). 06.05. ТЖД 19 адамды эвакуациялады, оның 9-ы бала (туыстарына көшірілді). Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласының әкімдігінде арнайы штаб құрылды.
— Қарақия ауд., Бостан ауылы — 5 тұрғын үй және "Тұрмыс-сервис" ММ сорғы станциясы. Су толығымен сорылды (950 текше метр). Қарақия ауданы, Сенек ауылында — 23 тұрғын үй және 25 аула аумағы, спорт мектебі. Инертті материалдары бар 700-ден астам қап салынған. Су толығымен сорылды (980 текше метр). Қарақия ауд., Құрық ауылы, "Құрық-Жетібай" тасжолының 4-шақырымында (дамба) су сору жұмыстары жүргізілуде (110 текше м.).
— Маңғыстау ауд., Шетпе селосы — 2 тұрғын үй және 10 аула аумағы, Ақтау — Қаламқас тасжолының 97-шақырымында 60 текше м. суисорылды.
— Мұнайлы ауд., Дәулет, Маңғыстау ауылы және Басқұдық а/о, Баянды а/о, Батыр а/о — 18 тұрғын үйді және 18 аула аумағында су сору жұмыстары жүріп жатыр(300 текше м. су)
Бұл жұмыстарға ТЖД (93 қызметкер, 22 бірлік техника және 28 мотопомпа), ЖАО (142 қызметкер, 56 бірлік техника және 10 мотопомпа) жәнк 85 ерікті жұмылдырылды, — деді Бекболат Әбдіқадыров.