Акция 9 мамыр күні сағат 13:00-де «Ақбота» саябағының кіреберісі маңында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Акцияның бастамашысы Влад Ротмистровтың айтуынша, Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабасының құрметіне ағаш отырғызып атсалысқысы келетін әрбір адам өзінің көшеттері мен құрал-саймандарын ала келеді. Сондай-ақ, қала басшылығы мен ботаникалық бақ 100 түп көшет береді.
«Қазірдің өзінде 100-ден астам шұңқыр қазылған. Әкімдік пен ботаникалық бақ беретін ағаштарды отырғызғысы келмейтіндер өз көшетін әкеліп, саябақтың кез келген жеріне еге алады», — деді Влад Ротмистров.