Жол апаты 7 мамыр күні 17:30-да, 9"а" шағынауданында, "H2O" клубына қарама-қарсы жерде болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр.
Анықталған деректерге қарағанда, ВАЗ-21099 көлігі "Toyota Camry"-ге және "Toyota Land Cruiser 200"-ге соққан.
Жол апатынан алты адам зардап шекті. Олар облыстық ауруханасына жеткізілді.