7 мамырда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев әскери бөлімдердің жас сарбаздарымен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің теңіз жаяу әскері бригадасына және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "2018" әскери бөліміне барды.
Оқу корпустарын, казармаларды, спорт қалашықтарын және басқа да инфрақұрылым объектілерін аралады.
Сондай-ақ әскери бөлімнің әскери техникасымен және материалдық базасымен танысты.
Өңір басшысы еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын қорғап жүрген сарбаздарды мерекемен құттықтады.
– Бүгін – бүкіл Қазақстан үшін айтулы күн. Еліміздің қорғаны бола білген Отан қорғаушылар күні. Әскери қызметшілер Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Қашан да Отан үшін жасаған қызметтеріңіз абыройлы болсын! — деді Нұрлан Ноғаев.