Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті соғыс ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Соның бірі — Заривняк Ольга Платоновна. 14.07.1927 жылы туған. 2015 жылдан бастап Ақтау қаласында тұрады.
Ол 14 жасында Брест облысының Клещели қаласындағы партизан отрядында барлаушы болған. Маңызды ақпараттар жеткізіп, жараланған сарбаздарға көмектескен.
Ардагер өткен күндерді ойлап көзіне жас алды. Ұлы Отан соғысы кезіндегі зұлмат жылдар да ұмыта қоймаған.
— Маңғыстау облыстық ТЖД ардагерлерге зор алғыс білдіріп, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді, — делінген бөлімнің баспасөз қызметінде.