Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Онда биыл оқу жылындағы ҰБТ-ға дайындық және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ облыста гидрогеологияны дамыту перспективалары талқыланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Қызылғұлованың айтуынша, қазіргі таңда облыстағы 143 мектептің 1-10-сыныптарында 155 127 оқушы білім алуда, биыл оның 73 пайызы жазғы демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Балалардың демалысын ұйымдастыру үшін 239 сауықтыру орны жұмыс істейді.
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев балалардың сапалы демалысын ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Осы ретте жауапты тұлғаларға бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.