Ақтауда "Қаз дауысты Қазыбек би" тақырыбында аламан айтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Іс-шара Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Аламанға елге аты шығып келе жатқан, 12 жас ақын қатысты. Бірінші кезеңнен кейін 6 ақын ақтық кезеңге шығып, ел тұшынып тыңдайтындай тәп-тәуір өнер көрсетті.
Респуликаға, облысқа танымал Ерекен Қорабаев, Нұрдәулет Қилыбай, Алмас Темірбай, Нұрлан Мұсаев, Асылбек Жаңбырбай сынды азаматтар қазылық етті.
Айтыста бас жүлдені ақтаулық Алшын Суемов алды. І орын алматылық Айым Асылбекқызына бұйырды. Ал ІІ орынды ақтаулық Ердәулет Сардар алса, ІІІ орынды ақтаулық Рамазан Тезекбаев, бейнеулік Ерсұлтан Аушанов пен алматылық Әмір Сатыпалды иеленді.
Жүлдегерлерден бөлек, қатысқандардың бәріне де ақшалай сыйлық табысталды.