Экология министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, итбалықтар қазір емес, бірнеше ай бұрын жаппай қырылған. Олардың өлексесі қатты ыдырап үлгерген, сондықтан ұлпа сынамасын алу мүмкін емес, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ztb_qaz сайтына сілтеме жасап.
Мамандар азу тістері мен тырнақтарының қалдықтарымен жұмыс істейді.
"Көптеген адам итбалықтардың өлімі NCOC-тың Каспийдің солтүстік бөлігіндегі түбін тереңдету жұмыстарымен байланысты деген сұрақты көтеріп отыр. Мамандардың айтуынша, итбалықтардың өлуі 3-4 ай бұрын қыс мезгілінде болуы мүмкін», - деді министр Үкімет отырысында.