Жаңаөзенде шілдеден бастап 7000 м3 ауыз су берілетін болады. Осылайша, алдағы жаз айларында осыған дейін жоспарланған 32 000 м3 су көлемі 39 000 м3-қа артады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңаөзен қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК қолдауымен “Қаражанбас” кенорны өз аумағынан өндірістік қажеттілігі үшін су тұщыту қондырғысын іске қосуды жоспарлаған болатын. Соның нәтижесінде, облыс халқы үшін тәулігіне 10 000 м3 мөлшерінде Еділ өзенінің суы қолжетімді болады.
"Бұл ауыз су көлемін Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандары тұтынушыларына бөлу туралы мәжіліс қорытындысымен Жаңаөзен қаласына аталған ауыз судың 7000 м3 берілетін болды", - деді Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.