Тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық жаңа ұлғайтылған шектері 1 қазанға дейін қолданылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар алып жүретін және (немесе) алып жүрусіз багажда әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу құны мен салмақ шектерін арттыру көзделген. Еуразиялық экономикалық одақ 2022 жылдың 1 қазанына дейін әуеден басқа көліктермен 500 еуродан 1000 еуроға дейін және 25 келіден 31 келіге дейін арттыру көзделген.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегін мұндай уақытша көтеру Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін енгізілген. Ал Армения Республикасында бұл шектер бұрынғы деңгейде қалды.
Көрсетілген мерзім ішінде 1000 еуро және 31 кг шегінде әуеден басқа көліктің барлық түрлерімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік баж салығы салынбайды.
Бұл шек 1 қазанға дейін уақытша ұлғайтылды. Осылайша, 28 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде жеке пайдалануға арналған багажда әкелінетін тауарлардың құны 1000 еуро сомасынан асса және салмағы 31 кг-нан асса, алушы кедендік бажды құнының 30%-ы мөлшерінде, бірақ құнның және салмақ нормаларының асуы бөлігінде 1 кг салмаққа 4 еуродан кем емес сумма төлеуге міндетті.