Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жатыр.
«Компаниямыз Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейді. Біздің кәсіпорындар көп шоғырланған аймақ -
Маңғыстау облысы. Сондықтан бұл аймақтағы жағдай жіті назарымызда. Осы жылы Жаңаөзенде бір мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 682 адамды «ӨзенМұнайГаздың» қолданыстағы жұмысына орналастыру алгоритмі бойынша қамтысақ, 318 адам мердігерлік ұйымдарда қызмет ететін болады», - деді компания басшысы.