Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ГМ-172/10 мекемесінде мерекелік шара өтті. Шараны құттықтау сөзбен мекеме бастығының орынбасары Дәурен Иманғазин ашты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мекемеде жазасын өтеп жатқандардың назарына әуелі мерекенің шығу туралы ақпараттық бейнеролик ұсынылды.
Содан кейін шаруашылық жасағының жазасын өтеушілері шағын концерт қойып, өлең шумақтарын айтты, қазақ әндерін орындады.
Мерекелік шараның екінші бөлімінде сотталғандар өзге ұлттардың тағамдарын дайындап, салт-дәстүрлерімен таныстырды.
- Татулық пен бейбітшілікті басты орынға қойып, бақытты бағалай білген Қазақстан үшін бұл күннің орны ерекше. Міне, маңғаз Маңғыстауда жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір жандар жиналып, жыл сайын айтулы күнді ерекше атап өтуге атсалысуда, - деді мекеме қызметкерлері.