© Сурет Подслушано Актау парақшасынан алынды
Бүгін 28 шағынауданда жол апаты болып, 14 жастағы тұрғын зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сағат 10:57-де 102 кезекшісінің пультіне «Метрополис» сауда үйіне қарама-қарсы 28-29 шағынаудандар арасында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы қоңырау түсті.
«Лада Приора көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында 14 жастағы баланы қағып кетті. Зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, зардап шегуші облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Оған бас ми шайқалуы диагнозы қойылды. Қазір жағдайы – орташа ауырлықта.