© Фото @112_aktau парақшасынан алынды
Бүгін сағат 02:00 шамасында Ақтау қалалық ІІБ кезекші 102 бөлімінің пультіне 31А, 32А, 31Б және 32А шағынаудандары арасында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы қоңырау түскен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Түнде болған жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
– Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін төртеуі үйіне жіберілді. 2002 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды. Оған көптеген жарақат, соның ішінде жамбас сүйегінің сынуы және бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлықта, - дейді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ВАЗ-21150 көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде Daewoo Nexia көлігіне жол бермей, соқтығысқан.
- Оқиғаға кінәлі тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.