Бүгін «Әлем» арт-галереясында Қазақстанның құрметті журналисі, фотограф Мэлс Елеусіннің «Объективтен өрілген өмір» фотокөрмесі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл фотографтың Маңғыстау өңірінде өткізіп жатқан үшінші көрмесі. Көрмеге Маңғыстау табиғатын мен Каспий теңізін, мұнайшы өмірін, маңғаз өңірдің маң басқан түйелерін және облыстық зиялы қауым өкілдерін объективке сыйдырған. Сонымен қатар өзі жұмыс істеген ТАСС, ҚазТАГ-та түсірілген суреттермен бөліскен. Жалпы фотокөрмеде фотографтың 100 шақты суреті қойылды.
Шара Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН