Бүгін Жаңаөзенде болған жол-көлік апатына Маңғыстау облыстық ПД пікір білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінен өтпек болып, аялдама сызығына тоқтамаған. Ол ТЭМ-2 7740 тепловозына жол бермей, соқтығысқан.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
«Мерседес-Бенц» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқиға сағат 11:00-де Жаңаөзен қаласы«Арай» шағынауданында «Қанағат» дәмханасының жанында болған.