Ақтауда 14 шағынаудан 21 үйдің маңында ағаштарды кесіп, тастап кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы редакциямызға видео жолдаған тұрғын қураған ағаштарды кім кескенін және неге жинамай тастап кеткенін сұрап отыр. Сондай-ақ егер ағаш өртенсе, біраз жерді жалын шарпитынын да тілге тиек еткен.
Осы жағдайға байланысты Ақтау қаласы әкімдігінен пікір күтеміз.