Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына көмек көрсету мақсатында 1 сәуір күні Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 43 қызметкер, 4 техника, 6 мотопомпа және 2 жүзу құралы жөнелтілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖ депаратаментіне сілтеме жасап.
2 сәуірден бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күші мен құралдар тобы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының өкіміне келіп түсті. Маңғыстау жедел тобы қап-ыдысты дайындау және Деркөл өзенінің арықтары мен арналарын тазарту үшін Сырым ауданы (Орал қаласынан 130 км.), Тасқала ауданы (Орал қаласынан 80 км.) бағыттарына бөлінді.
3 сәуірде Маңғыстау облысының жедел тобы екі бағытқа, атап айтқанда Ақсай қаласына (14 адам және 1 бірлік техника) және Қаратөбе ауданына (13 адам және 1 бірлік техника) бөлінді.
- Қалыптасқан қауіпті су тасқыны жағдайына байланысты Маңғыстау облысынан жедел топтар бір қауіпті учаскеден екінші учаскеге көшіріледі, бұл климаттың күрт жылынуына байланысты, соның салдарынан еріген су мен қардың күрт еруі салдарынан БҚО –да халыққа және жекелеген елді мекендерге қауіп төніп тұр, - деді Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.