Жаңа нысанды киімге көшуге байланысты Департамент бастығы Аян Дуйсембавтың қатысуымен жеке құрамының саптық байқауы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Полицейлерге арналған киім үлгісін әртүрлі климаттық жағдайларда қызмет атқаратын қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін ескере отырып, оларға барынша ыңғайлы әрі қолайлы етіп жасауға ерекше көңіл бөлінген.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, жаңа нысанды киім үлгілері дизайны және конструкциясы бойынша патрульдік полиция және сыртқы қызмет қызметкерлеріне арналған нысанды киімдер болып топтастырылған. Осы ретте барлық сұлбасы бойынша жарық шағылыстыратын элементтерге ерекше көңіл бөлінген, бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады.
Шара барысында ведомство басшысы қызметкерлердің қызметке дайындығын және нысанды киіммен қамтамасыз етілуін тексерді. Ол қызметкерлермен жеке тілдесіп, жаңа форманың ыңғайлылығы мен жайлылығына көңіл бөлді. Оған қоса, тәртіп сақшыларына кез келген уақытта халыққа жақын болып, ашықтықты қамтамасыз етіп, мінсіз қызмет үлгісін көрсету керектігін жеткізді.
- Сіздерге мемлекет, министрлік және біздердің тарапымыздан қызмет атқару үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Талап етілетіні тек антқа адал болып, халыққа жақсы қызмет ету,- деді Аян Дүйсембаев.